"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс
Бастауыш білім баспалдағы: Зерттейміз, үйренеміз, жасаймыз!

Бастауыш білім баспалдағы: Зерттейміз, үйренеміз, жасаймыз!

2025 жылдың 8–12 желтоқсан күндері мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің «Бастауыш-білім баспалдағы: Зерттейміз, үйренеміз, жасаймыз!» атты апталық ұйымдастырылды. Апталықтың негізгі мақсаты – Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеушілік ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және инженерлік-технологиялық сауаттылығын дамыту арқылы оларды зерттеуге, үйренуге және өз қолымен жасауға ынталандыру, қарапайым тәжірибелер мен жобалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру. Әр күн мазмұнды іс-шараларға толы болды.

Апталықтың алғашқы күні мектептің І қабатында ресми ашылу салтанатымен басталды. Ашылу барысында пән мұғалімдері апталықтың мақсат-міндеттерін таныстырып, оқушыларды алда күтетін қызықты іс-шаралармен таныстырды және оқушылармен түрлі логикалық тапсырмалар орындатылып, ойындар жүргізілді.

Апталықта «Оқимын, ойлаймын, табамын», ««Эко-Life», «Озық ойлы оқушы» атты топтық ойындар өткізілді. Ойындарға қатысушылар түрлі тапсырмаларды шешіп, өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті. «Тізбектер», «Өнер-таусылмас қазына», «Вв дыбысы мен әрпі», «Дөңгелек сандарды ауызша көбейту жәәне бөлу», «Біріккен сөздерді қорытындылау» тақырыбында ашық сабақтар жоғары деңгейде  өткізілді. Бастау және пәндік олимпиадаларының іріктеу мектепішілік кезеңі өткізіліп, қорытындысы шығарылды.

Бастауыш сынып бірлестігінің мүшелері «Білімнің төрт тірегі: STEM» тақырыбында физика, математика, химия, биология мұғалімдерімен тәжірибе алмасу өткізді. Тәжірибе барысында мұғалімдер сұйықтықтардың тығыздығы әртүрлі екенін нақты бақылады, магниттің өмірдегі маңызы қандай екенін білді, STEM тәсілінің төрт элементін тәжірибе арқылы қолданды. Топтық жұмыс мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынасы мен кәсіби ынтымақтастығын күшейтті. Практикалық әрекеттер «Істеуді үйрену» тірегін дамытса, ғылыми түсініктемелер «Білуді үйренуді» нығайтты. Тәжірибе жаратылыстану сабақтарында практикалық бағытты күшейтуге жақсы үлгі болды.

 «Цифрлық дәуірдегі тиімді ата-ана болу» тақырыбында 2-сыныптың ата-аналарымен практикум-семинар өткізді. Мақсаты: ата-аналардың цифрлық ортадағы бала тәрбиесіне қатысты білімін кеңейту, баланың оқуына қолдау көрсету жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерту, мектеп пен отбасының өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту балаға  қолайлы орта қалыптастыру.

Ата-аналармен жүргізілген жұмыс барысында заманауи әдістер қолданылып, практикалық жұмыстар жасалды.

Апталықтың қорытындысында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, апталық ресми түрде жабылды. Барлық іс-шаралар жоспарға сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылардың пәнге, логикалық ойлауға,  зерттеушілік және шығармашылыққа қызығушылықтары  артты.