Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №32 жалпы білім беретін мектебі»КММ 2025 жылдың 18 қараша айынан бастап «Педагог-ассистент» бос орынына орналасуға конкурс жариялайды.
Жұмыс туралы ақпарат:
Ресми жалақы: : 124586 нан 148301 ₸
Жұмыспен қамту түрі : Толық жұмыспен қамту
Оқыту тілі : Қазақша
Білім : Жоғары
Сағат саны : 16
Құжаттарды тапсырудың басталу күні: 18.11.2025
Құжаттарды тапсырудың аяқталу күні: 27.11.2025
Негізгі функционалдық міндеттері:
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;
Білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
Оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының жағдайларын сақтайды;
Белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Конкурсқа қатысу үшін үміткер hr-nobd.edu.kz сайтына келесі құжаттарды жүктейді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, білдірген «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №32 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
8) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
9) Соттылығы жоқ екенін растайтын анықтама
9) Соттылығы жоқ екенін растайтын анықтама
Мекен-жайы : Костанай обласы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағынауданы 7А участок;
Электрондық пошта :
Байланыс нөмірі: +7 7475132135





