КГУ "Общеобразовательная школа № 32 отдела образования города Костаная"
Официальный интернет-ресурс
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі»КММ  2025 жылдың 08 қазаннан  бастап  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымның уақытша бос орынына орналасуға конкурс қайта жариялайды.

Жұмыс туралы ақпарат: уақытша орын

Ресми жалақы: : 189000 нан 250000 ₸

Жұмыспен қамту түрі : толық жұмыс күні 

Оқыту тілі : Қазақша

Сағат саны : 1 жүктеме 

Құжаттарды тапсырудың басталу күні: 08.10.2025

Құжаттарды тапсырудың аяқталу күні: 17.10.2025

Негізгі функционалдық міндеттері:

тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

      аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

      психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;

      мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

      білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

      кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

      ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;

      мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

 

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер «Педагогты жұмысқа қабылдау» модулінде келесі құжаттарды жүктейді:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, білдірген «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің директорының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

8) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

9) Соттылығы жоқ екенін растайтын анықтама

Мекен-жайы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы Аэропорт шағын ауданы участок 7А

Электрондық пошта : Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Байланыс нөмірі: +7 7475132135